www.45minut.kz ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, төмендегі іздеу формасына сөз жазып іздеу керек:


Сайтқа сабақ жіберу үшін: 45minutkz@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 777 087 6843. 8 775 730 7965 (Редакция)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 аралығында хабарласуынызға болады.

Құрметті Ұстаздар. 45minut.kz сайты жаңа серверге көшуіне байланысты жаңа адресте жұмысын жалғастырады.

Жаңа серверге көшудің негізгі себебі, сайтымыздың күнделікті 30 000 қолданушы пайдаланатын межеге жетуінде. Әрине, бұл қуанышты жағдай.
Ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Жаңа серверге көшу барысында, сайт жұмысы тоқтамайды, сайттағы материалдар архив түрінде толықтай сақталады және ПОИСК-ІЗДЕУ тұрақты жұмыс істеп тұрады.

Материалдарды іздеп табуға толықтай мүмкіндік қарастырылған.
www.45minut.kz сайтынан қажетті сабақты іздеп табу үшін, жоғарыдағы іздеу формасына жазып іздеу керек)


Cайт ережесі

www.45minut.kz – Ұстаздың білім және тәрбие берудегі еңбектерін интернетте жариялауға арналған. Ұстаздарға сайтқа тіркеліп, сабақтарын сайтқа орналастыруға мүмкіндік жасалған. Сайтқа орналастырылған сабақтарға Сертификат беріледі.  Сайттағы Хабарландыру бөліміне түрлі тақырыптағы хабарландырулар, Пәндер бөліміне сабақтар орналастырылады.

Сайтпен жұмыс істеу үшін Сайт Ережелерімен таныс болыңыздар.  Сонымен іске сәт!   Ұстаздарды Интернет әлеміне шақырамыз!
www.45minut.kz  сайтын қолдану ережелері
  1. Сайтқа тіркелген Ұстаздар Профильде жазылған мәліметтерді толықтай толтыру қажет. Толық аты-жөні, мектебі, қай жерден екендігі дұрыс толтырылған Ұстаз туралы мағлұмат толық деп есептеледі.
  2. Сабақтарын жариялайтын Ұстаздың әрқайсысы жеке өз атынан тіркеліп, жариялауы тиісті. Бұл сайтта, әрбір Ұстаздың сабағы өз атымен толықтай көрсетіліп тұруына кепілдік береді.
  3. Сайтқа сабақ орналастыру, тіркелу басқа Ұстаздың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін,  ол жағдайда сабақтар Ұстаздың өз атынан жариялануы міндетті.
  4. Әрбір тіркелген Ұстаз өзі туралы қысқаша мағлұмат беріп, Аватар деген жерге суретін салып қойса, танымдылығы артады.
  5. Сайт Ұстаздарға арналған болғандықтан, Сұрақ-жауап, Пікірталас арқылы өзара тәжірибе алмасуларыңызға, пікірлесуге өтініш білдіреміз. Сол жағдайда өзге де Ұстаздарға көрнекі сабақ болып сақталады.
  6. Сайт барлық пәннің ұстаздарына арналған, сондықтан сабақтарды жарияласа болады. Қосымша сабақ тақырыптары қосылады.
  7. Сайтқа өзге де Ұстаздарды шақырып, Интернет арқылы білім жетілдіруіне, өзара тәжірибе алмасуға көмектесіңіз.
  8. Сайтқа сабақтары өз атымен, ең аз мөлшері 3 (үш) сабағы  жарияланған Ұстаздарға ғана Сертификат беріледі. Сертификат Ұстаздың еңбегінің Интернетте жарияланғанына кепілдік береді.  Сертификат алу үшін арнайы Тапсырыс парағын толтырып жіберу қажет.
  9. Болашақта сайт арқылы конкурстар, кездесулер ұйымдастырылатындықтан осы шарттарды қолдану Ұстаздардың Интернеттегі жұмысына жеңілдік әкеледі.