www.45minut.kz ішінен қажетті сабақты іздеп табу үшін, төмендегі іздеу формасына сөз жазып іздеу керек:


Сайтқа сабақ жіберу үшін: 45minutkz@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 777 087 6843. 8 775 730 7965 (Редакция)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00 аралығында хабарласуынызға болады.

Құрметті Ұстаздар. 45minut.kz сайты жаңа серверге көшуіне байланысты жаңа адресте жұмысын жалғастырады.

Жаңа серверге көшудің негізгі себебі, сайтымыздың күнделікті 30 000 қолданушы пайдаланатын межеге жетуінде. Әрине, бұл қуанышты жағдай.
Ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Жаңа серверге көшу барысында, сайт жұмысы тоқтамайды, сайттағы материалдар архив түрінде толықтай сақталады және ПОИСК-ІЗДЕУ тұрақты жұмыс істеп тұрады.

Материалдарды іздеп табуға толықтай мүмкіндік қарастырылған.
www.45minut.kz сайтынан қажетті сабақты іздеп табу үшін, жоғарыдағы іздеу формасына жазып іздеу керек)


понедельник, 23 сентября 2013 г.

Адыраспан – дәрілік өсімдік

Әкімбаева Толқын, Құрбанбекова Эльмира- №55 орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімдері
 Ералы Жадыра - №55мектептің 4сынып оқушысыҚызылорда облысы, Жаңақорған  ауданы , Бірлік ауылы

Мазмұны: І. Кіріспе. А)   Дәрілік  өсімдіктер.
 ІІ. Негізгі бөлім. А) Адыраспанның  өсіп- өнуі,  табиғатта таралуы.
  Ә) Дәрілік өсімдік – адыраспанның пайдасы.
  Б) Адыраспаннан  жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.
 В) Адыраспан халық ұғымында
 111. Қорытынды 

Дәрілік өсімдіктер

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады.Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің , оны танып білудің маңызы зор.Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр-Әл Фараби,Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни,Әл-Джуржани қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапия, үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін "дәрісіз ем-домды" дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы " Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады," "Сенің денеңнің қуаты-өсімдіктің шырынында" деп медицинасы ілгері дамыған Қытай елінің дәрігері Шин НонШындығында өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.
Емдік шөптер-үйіміздің жанында, бау-бақшамызда, жол бойларында кездесетін арам шөптер.Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірдік маңызы зор. "Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп, тұр". "Дәріміз ем-домды дәрілік өсімдіктерден іздейік" "Жергілікті жердің өсімдіктеріне мән берсек…"Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден-жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедак, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан
Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.
Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.
Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеннің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек – қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады. Тамырдың жиналатын кезі август-сентябрь айлары. Өсімдік 5-8 жылдық болғаны дұрыс. Женьшеньді: атеросклероз, сусамыр(диабет), белсіздік, туберкулездің алдын алу, ұзаққа созылып ағзаны әлсіретіп жіберген кеселдерге қарсы қолданады, ауырмаған науқасы жоқ егде адамдарда женьшенді қуат қосу мақсатында қолданса болады.
Мойыл. Биіктігі 3, 5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі – қара сүйекше. Дәрілік шикізат – жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т.б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.
Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.
Қара пышақ, күшәла(эминиум). Қара пышақ – биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзекше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.
Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік – тобылғының тұнбасы, майы көп ауруға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан – ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.
Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.
Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.
Шетен. Биіктігі – 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.
Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай қоры.Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Халық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.
Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.
Сүйел шөп(чистотел). Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.
Шай шөп(зверобой). Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.
Аскөк(Укроп). Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.

Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Жалбызтікен(проскурняк) – құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін бойлап өсетін ұзын сабақты көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты. Әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасқан түйнекше дәні бар. Жалпы саны 15-20 жемістен құралған. Жалбызтікеннің тамыры да дәрілік шикізат. Оның құрамында 37 пайызға шамалас крахмал, 10, 2 пайызға дейінгі қант, сондай-ақ пектин, май, түрлі дәрумендер топтамасы бар. Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлі-шырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну ауруларына ем.
Жөтелді бәсеңдетеді, қақырық түсіреді. Жүйке жүйесін тыныштандыруда таптырмайды. Асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады. Қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада жалбызтікен іш жүргізу, түрлі инфекциялардан арылтуда, асқазан жарасын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Тіс түбі еттерінің босап, алқым бездері ісігі асқынғанда таптырмайды. Жалбызтікеннің тұнбасымен ауыз қуысы, тамақты үнемі шайып жүрсе, бірден-бір ем екен.
Жөке ағашы(Липа). Оның ашық сары түсті, хош иісті уақ гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробты құртады, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, сусамыр(диабет) , ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады, жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді.
Мәдени өсімдіктерден-капуста, сұлу сарымсақ, пияз, қарбыз, жүгері т.б. Соның ішіне адыраспан өсімдігіне жеке тоқталсам.
Адыраспанның өсіп- өнуі, табиғатта таралуы.
Адыраспан – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке- жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, иісі өте жағымсыз. Адыраспан көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алкалойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алкалойдтері болады. Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15-16 аталығы, 1 аналығы, жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1см –дей шар тәрізді қауашақ .
Өсімдік аты
Биіктігі
Гүлдеу мерзімі
Кездесетін орны
Пайдаланатын бөлімі
Жинау мерзімі
Қандай ауруға пайдаланады
Адыраспан
30-60см
Маусым, шілде айлары
Сортаң топырақты далаларда
Шөбі, жапырағы, гүлі
Тамыз, қыркүйек
Бел ауруры, бас ауруы, асқазан
 Дәрілік өсімдік- адыраспанның пайдасы
Халық емінде адыраспанды әр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Бір ескеретін жайт мал артық мөлшерде емделсе немесе адыраспанды жеп қойса улануы ықтимал.Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады.Туркияда ерте заманнан – ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі – фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 – 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады.Түйе табандар тұқымдасы ежелгі аты – грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. Қазақстанда адыраспанның бір – ақ түрі өседі. Ол – кәдімгі адыраспа.
Өсімдікке сипаттама. Көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м – ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.
1. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем болады.2. Сабағы мен жапырағын 30 грамм алып, жаншып, 120 миллилитр суға қайнатып, шырынын сүзіп алып, 90 грамм бал, 60 грамм күнжұт майымен араластырып ішсе дереу құстырады.
 3. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан бір ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады. Белгілі себеппен бала көтеруден тоқтап қалған әйелдер үш күн ішсе жүкті болады.
4. Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, реуматизмауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады.
5. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.
6. Буының жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып буынға таңады.
Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан сілтісі, ұшпа май бар.
Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн.

«Сенің денеңнің қуаты - өсімдік шырынында»
Қытай дәрігері Шин Жон.
Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл- Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.
Халық медицинасында пацдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған.
Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар.
Емдік қасиеттері. Емдік мақстта адыраспанның шөбін, Яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі- дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы
Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

                                   
Адыраспан
Адыраспан гүлі
Адыраспан гүлі
Дүниесі:
Бөлімі:
Табы:
Сабы:
Тұқымдасы:
Тегі:
Түрі:
P. harmala

Peganum harmala
L., 1753

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыршілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Адыраспан халық ұғымында...
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек.Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады.[2]
Қорытынды.
Қазақстанның дәрілік өсімдіктері – Республикамыздың ұлттық байлығы. Академик Н.И.Вавилов « Өсімдіктер әлемі неткен бай еді, бірақ біз оны тым аз пайдаланымыз –ау!» деген екен. Оны тиімді пайдалануға өсіп –өндіру мен қорғауға ғалымдар ған емес, бүкіл халық атсалысуы керек.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүттіген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйетабан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдырған. 20.Сасық меңдуана, т.б.
Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына бар¬саң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.
Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.
Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Қазақстанда дәрілік өсімдік¬термен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:
1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүттіген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйетабан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдырған. 20.Сасық меңдуана, т.б.
Біздің Қазақ даласында емшілікпен аты шыққан кісілер көп еді. Бұл сөзімізге дәлелді ұланғайыр даланың қай қиырына бар¬саң да, көз жеткізе аласың. Найман руынан шыққан Ырғызбай Досқанұлын көпшілік жақсы біледі.
Ол кісі кезінде дана Абайдың әкесі - Құнанбайды дертінен құлантаза айықтырған екен. Осындай асыл азаматтардың жолын жалғаған адамдар да болды. Өкініштісі, қазіргі күні олардың қатары өте азайып барады.
Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.
Қазақстанда дәрілік өсімдік¬термен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.

Адыраспан туралы зерделей келіп, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.

1.Қазіргі медецинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе

2. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді

3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы мақалалар  жарияланып тұрса
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»
(Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)
2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г
( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.